Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ерлан Айтаханов: Отырартөбені полиция күзететін болады

12.04.2018 | 14:48
Ерлан Айтаханов: Отырартөбені полиция күзететін болады

        Өткен жылы мыңдаған туристер ағылатын әйгілі Отырартөбедегі сектанттардың ерсі әрекеттері бейнеленген видео желіні біраз шулатқан болатын. Қасиетті орында еркегі де, әйелі де бірінен соң бірі төбеден домалап түсіп жатқандығы жергілікті тұрғындардың ашуына тиіп еді. Сол тұста «Отырартөбе жынойнаққа айналған ба?», «Бұл сектанттар ойына келгенін істей бере ме?»,  «Шетелдік туристер қазақтарды мәдени құндылықтардың қадірін білмейтін жабайы ел деп айтпай ма?» деген сауалдардың көбейгені жасырын емес.  

     808080   Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов бүгінде Отырар ауданда діни ахуалдың тұрақты екенін жеткізді. «Былтыр Отырартөбеде келеңсіз жағдайдың орын алғаны рас. Бұл адамдардың сауатсыздығынан, санасыздығынан болған әрекет. Қазір ауданда теріс ағымды ұстанушылар әлдеқайда азайған. Бұл салаға жауапты мамандардың, құзырлы органдардың сапалы жұмысының нәтижесі. Қазіргі таңда туристік аймақ болып саналатын Отырартөбеде абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Әлгіндей әрекеттердің қайталанбауы үшін ол жерді үнемі бақылауда ұстап отырамыз. Алдағы уақытта киелі жерге полиция пункті мен күзет орнатылатын болады »,- деді Ерлан Қуанышұлы.

       Айта кетейік, ежелгі Отырар қаласының орны – бүгінде ашық аспан астындағы мұражай. Мұнда 30 мыңға жуық экспонат бар. Отырартөбеге әлемнің әр жерінен мыңдаған турист үздіксіз ағылып жатады.

 

 
Көрілді: 1483
Жаңартылған: 12.04.2018 | 14:59
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір