Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Отырарлықтар көшет отырғызды

07.04.2018 | 16:36

Отырар ауданында өткен жалпыхалықтық сенбілікке барлық ауыл округтері, мекемелер мен қоғамдық ұйымдар, елдімекен тұрғындары қатысты. 
Жыл сайын көктемнің әр сенбісін тазалық және көгалдандыру ісіне арнауды дәстүрге айналдырған отырарлықтар бұл жолы көше бойлары мен аулалар, арық-атыздарды тазартып, ағаш түптерін әктеп, қоршауларды түзеп елдімекеннің көркін жаңартуға күш біріктірді. Сонымен қатар, гүл көшеттерін отырғызуға арналған аумақтар аударылып, ретке келтірілді. Биылғы жылы Отырар ауданында абаттандыру жұмыстары ерекше қарқын алмақ. Бүгінгі таңға дейін 79 гектар аумаққа 73 685 түп ағаш көшеттері отырғызылып, экологиялық ақуалды оңалтатын іс-шара 13 ауыл округінде де жүзеге асса, мұнымен бірге ауылдың көркіне көрік қосар түрлі гүл көшеттерінің санын арттыру да басты назарда.
Айта кетсек, Отырар ауданы - елімізбен қатар алыс-жақын шетелдік туристердің де қызығушылық танытып киелі, тарихи орындарына жиі қатынайтын мекені. Осы орайда, исі мұсылман халқының бас иген  қасиетті өлкесіне келген қонақтарға жайлылық пен әсем көріністі паш етуді әрбір азаматтың парызы санаған ауыл халқы да тазалық жұмыстарына барынша белсенділікпен атсалысты. Шара алдағы аптада да жалғасын табады.

 
Көрілді: 959
Жаңартылған: 07.04.2018 | 16:40
Категориялар: Өңірдегі басты жаңалықтар, Өңір