Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Шымкенттіктер қызғалдақпен суретке түсіп, жарысып жатыр

05.04.2018 | 10:08
Шымкенттіктер қызғалдақпен суретке түсіп, жарысып жатыр

Шымкент қаласының әкімдігі қызғалдақтармен түскен үздік фотосуретке байқау жариялады. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайтында жарияланды. «Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Шымкенттегі баннерлерден өзіңіздің фотосуретіңізді көргіңіз келе ме? Онда конкурсқа қатысыңыз! Шымкент қалалық әкімдігі өңірдің тұрғындарына арнайы конкурс жариялайды. Қазіргі таңда шым шаһарда сан түрлі қызғалдақ жайқалып тұр. Қала тұрғындары сол гүлдермен суретке түсіп те үлгеруде. Ол үшін қызғалдақпен суретке түсіп, қалалық әкімдіктің Инстаграм әлеуметтік желісіндегі @akimat.shymkent парақшасына дайректер арқылы жолдауға болады" делінген хабарламада.  Айта кетейік, қалалық әкімдіктің аккаунтына жіберілген барлық суреттер арнайы айдармен жарияланады және ең үздік сурет шаһардағы баннерлерде ілінетін болады. Әкімдік тұрғындарға фотосуреттерді 15 сәуірге дейін тапсыруды ескертті.

La-tulipe-dans-les-tulipes



 
Көрілді: 840
Жаңартылған: 05.04.2018 | 10:21
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір