Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Шымкентте жоғалған баланың денесі Қарасу өзенінен табылды

12.03.2018 | 11:55

Шымкентте жоғалған 2 жасар  бүлдіршіннің мәйіті Қарасу өзенінің Бадамға құятын тұсынан табылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі жария етті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі. «Шымкент қаласының әкімдігі Әлинұр Ерболатұлының ата-анасына көңіл айтады. Құтқарушылар Қарасу каналаның Бадамға құяр жерінен баланың денесін тапты» делінген хабарламада. Еске салсақ, 11 наурыз күні сағат 14.00-де Шымкентте тойхананың алдында бала жоғалған болатын. Іздеуге 100-ге тарта адам жұмылдырылған. Құтқарушылар каналдың арнасын жауып, іздестіру жұмыстарын жүргізген. «Өкінішке қарай, үміт ақталмады. Әлинұрдың ата-анасы мен туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз және барлық ата-аналарды мүмкіндігінше балаларына мұқият болуға шақырамыз» делінген хабарлама мәтінінде.

040404





 
Көрілді: 2140
Жаңартылған: 12.03.2018 | 12:46
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өңір