Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Оңтүстікте мектеп директорлары ашық конкурспен тағайындау қалай жүріп жатыр?

24.11.2017 | 12:03

5ef67d868dfbe9375c2e0bb50f203b24 resize w 520 h

Оңтүстік Қазақстан облысында білім беру мекемесі басшыларын ашық байқау негізінде тағайындау іске асып жатыр. Соңғы жылдары tенгізілген бұл тәжірибенің мақсаты - кадр меселесінде сыбайластықтың алдын алу.

Облыстық білім басқарма басшысының бұйрығымен осы бағыттағы жұмыстарды жүргізетін арнайы комиссия құрылып, құрамына қоғамдық ұйым, білім саласы кәсіподағы, БАҚ өкілі , әдістемелік орталықтар, білім жетілдіру институттарының өкілдері мен заң қызметкерлері енгізілді. Комиссия жұмысының басқармадан бейтараптылығын қамтамасыз ету мақсатында комиссия құрамына басқармадан тек бас маман-заңгері енгізілді.

- Қазіргі таңда, аталған ережеге сәйкес облыстағы білім беру ұйымдары басшыларына келісім беру комиссиясының үші отырысы өткізіліп, оған жалпы саны 131 үміткер қатысты. Нәтижесінде, комиссияның отырысының қорытындысымен қатысқан 131 үміткердің 120-сы заң талаптарына сәйкес келеді деп танылса, қалған 11-іне комиссия шешімімен біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танылды, - деді облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Облыстағы білім беру ұйымдары басшыларын, педагог кадрлар құрамын тағайындау конкурстарын және оларға келісім беру комиссиясының жұмыс сапасын жетілдіру мақсатында басқарма тарапынан алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды толығымен автоматтандыру көзделуде.

 
Көрілді: 470
Жаңартылған: 07.12.2017 | 12:05
Категориялар: Өңір