Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Үш ауысымды мектептер азайып келеді

25.11.2017 | 11:56

 038b8bbe529cfdc8de6dfb86309af84d resize w 520 h

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан 1 қарашаға дейін 25 мектеп пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін 11 апатты, 2 үш ауысымды, 3 ыңғайластырылған мектеп құрылысын тапсыру жоспарланып отыр. Нәтижеде 23 үш ауысымды мектептің саны 13-ке азайса, 20 апатты мектеп 13-ке дейін кемімек.

Оқушылар саны көп болғандықтан оңтүстікте үш ауысымды, апатты мектеп мәселесі өте проблемалардың қатарында. Қазіргі уақытта мемлекет бұл мәселені түбегейлі шешу үшін нақты жұмыстарды қолға алып отыр.

Айта кету керек, биылғы жаңа оқу жылында оңтүстікте 20 мектеп пайдалануға берілді. Олардың 15-і «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынса, қалғаны жергілікті бюджет есебінен жүргізілген. Оның 6-уы жаңадан ашылып отыр. Нәтижесінде өңірдегі орта мектептің саны 1 021-ден 1 027-ге жетті. Аталған мектептерде оқу жылында 640 мыңға жуық оқушы білім алса, олардың 73 мыңы бірінші сыныпқа барды. Ал шәкірттерге облыста 69 мыңнан аса мұғалім білім береді.

Биыл өңірдегі білім ұяларының 95,5 пайызы бес күндік оқу аптасына көшірілді.

Астана қаласында өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне облыстан 18 мыңға жуық оқушы қатысты. Олардың 4 мыңға жуығы аз қамтамасыз етілген отбасы балалары.

 
Көрілді: 345
Жаңартылған: 07.12.2017 | 11:58
Категориялар: Өңір