Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

"Əн тербеген Сарыағаш" облыстық байқауы өтті

28.10.2017 | 23:39

    Сарыағаш аудандық мəдениет үйінде "Əн тербеген Сарыағаш" атты облыстық композиторлар арасындағы байқауы өтті. Саялы Сарыағаш өңірін дәріптеуге арналған байқау екі жыл сайын дəстүрлі түрде ұйымдастырылып  келеді. 

FB IMG 1509108933288
    Бүгінге дейін Сарыағаш ауданы жайында 80-ге жуық əндер қоры жинақталса, биылғы жылғы көрсеткіш жаңа 15 əнмен толықты. Өнер додасында облыстың аудан, қалаларындағы 15 сазгердің əндері орындалып, жылдың үздік əні анықталды. «Ән тербеген Сарыағаш» облыстық композиторлар байқауында бас жүлдеге Шардара қаласынан «Сарыағашым-сағынышым» әнімен Ағабек Донбаев лайық деп танылды.
    Бірінші орынға Сарыағаш ауданынан Мейрамбек Тұяқбаев «Сарығашым менің» әнімен ие болса, екінші орын шымкенттік сазгер Мұхит Қасқырбаевқа «Саялы Сарыағашым» әнімен берілді.
     Үшінші орынды Шымкент қаласының композиторы Айжігіт Асанов «Сарыағашым-жыр әнім» және түлкібастық Мұхамеджан Едігеев «Сарығашым-әнім» әнімен иемденді.
Сарыағаш ауданы әкімінің арнайы жүлдесімен Арыс қаласынан Әлімбетов Шахизинда «Сарыағашым» және Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының арнайы жүлдесімен Сарыағаш ауданынан Әбдімәлік Тастеміров «Сарыағашым» әндерімен марапатталды.
     Жеңімпаздар мен қатысушыларға аудан әкімінің арнайы алғыс хаты және ақшалай сыйлықтар табысталды.

--

 
Көрілді: 140
Жаңартылған: 28.10.2017 | 00:13
Категориялар: Өңір