Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Шымкенттегі көпқабатты үйлер жылуға қосыла бастады

21.10.2017 | 12:06

vesennee-otklyuchenie-obogreva-kto-i-pri-kakix-usloviyax-prinimaet-reshenie-e1488466475396

-20 қазаннан 1 қарашаға дейін шаһардағы көпқабатты үйдің барлығы орталық жылу жүйесіне қосылады. Ал жылудың ақысына келсек, ол 1 қарашадан бастап есептеледі. Ал жылу есептегіш құрал орнатылған үйлерде басқаша есептеледі,-деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Қала әкімі жылу маусымының басталғаны туралы өкімге қол қойды. Шымкентте  ол 20 қазаннан ресми басталады. Қазір көпқабатты үйлердің барлығында жылуға қосылу жұмыстары жүруде.

- Біздің сервистік бригада жұмысын бастады. Бұған қоса біз бүгінде үй тұрғындарына үйішілік сервистік қызмет көрсету келісім-шартын жасауды ұсынудамыз. Соның нәтижесінде біз үйдегі жылу жүйесін толығымен жаңарта аламыз. Келісім-шарт жасалған соң біздің барлық жұмысымыздың ақысын бөліп төлеуге болады. Бұған қоса біз келісім-шарт аясында жылу жүйесіндегі олқылықтарды үнемі жөндеп тұратын боламыз. Оның ақысы 1 шаршы метрге - 6 теңге. Яғни, біз вентил мен бұрандаларды, құбырдың бірнеше метрін алмастырамыз, - дейді "Қуат жылу орталығы" МКМ жетекшісі Нұрсадық Ергешбек.

- Қазір біздің компаниямен қызмет көрсету келісім-шартына 600-ден аса үй тұрғындары қол қойды. Тағы 845 үйге жекеменшік серіктестіктер қызмет көрсетеді. Бізбен қызмет көрсету келісім-шартын жасасқан тұрғындардың өтініші бойынша тәуліктің кез келген уақытында келіп, олқылықты жөндеуге міндет аламыз, - дейді МКМ бас инженері Пердебай Сабитов.

Еске салайық, үйлерге жылу 20 қазаннан бастап берілетініне қарамастан жылудың ақысы 1 қарашадан бастап есептеледі. Ал жылу есептегіш құрал орнатылған үйлерде басқаша - онда жылу берілген күннен бастап есептеледі.

 
Көрілді: 364
Жаңартылған: 20.10.2017 | 12:07
Категориялар: Өңір