Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жұмыссыздар әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылуда

13.09.2017 | 18:40

21731576 693339980876041 5762997343257933912 o

Жыл басынан бері Ордабасы ауданы бойынша Жұмыспен қамту орталығына 3552 адам өтініш білдірген. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 2469 адам қамтылды. Оның ішінде 183 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 138 - жастар практикасына, 208 - қоғамдық жұмыстарға, 437 адам кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруға жолданды. Бұдан бөлек 90 адамға шағын несие берілді, 90 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 1323 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жуырда жұмыссыздықтың алдын алу бойынша аудандағы атқарылған тірліктермен танысу үшін аудан әкімі Рашид Қайыпжанов Жұмыспен қамту орталығына арнайы барып көрді. 
Жұмыспен қамту орталығының директоры Эльмира Бердімұратова қазіргі таңда мекемені басқа ғимаратқа көшіру үшін жұмыстар жүргізіліп жатқанын да айтып өтті.
Рашид Үсіпханұлы азаматтарды жұмыспен қамту үшін жолдама беруде бармақ басты, көз қысты әрекеттерге жол берілмеуін ескертті. Сонымен қатар, жас мамандардың біліктілігін арттыру бағытында әлі де жұмыстардың жеткіліксіздігін атап өтті.

 
Көрілді: 182
Жаңартылған: 13.09.2017 | 18:41
Категориялар: Өңір