Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Кентауда тұрғын үйлер жаңа кейіпке енуде

13.09.2017 | 18:30

21752251 1740239786276326 33361130508688631 n

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі бойынша Кентау қаласындағы 35 көп қабатты тұрғын үйлерде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Алғашқы құрылыс жұмыстары басталған 15 көпқабатты тұрғын үйлердің жұмыстары 70 пайызға аяқталды. Қалған 20 үйдің қаражаттары бүгінгі таңға, облыстық бюджетті нақтылау кезінде қаралып бөлінді. Аталмыш үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары 2017 жылдың қыркүйегінен бастап жүргізілуде. Онда көп қабатты тұрғын үйлердің шатырлары, қас беттер, жер төлелері және кіреберістегі есік терезелері толықтай ауыстырылып жаңа кейіпке енуде. Аталған жұмыстардың барлығы қала тұрғындарының келісімдерімен жүзеге асып отыр.
 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту тетігі бойынша, 2018 жылға күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған 44 көпқабатты тұрғын үйлер тізімі анықталып, тұрғындармен кездесулер өткізіліп, келісімдері алынып, тиісті құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 44 көпқабатты тұрғын үйлердің ішінен 20 көпқабатты тұрғын үйлерге жергілікті бюджеттен техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, Кентау қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің барлығы Әділет басқармасында кондоминум бойынша 100 пайызға тіркелген.

 
Көрілді: 195
Жаңартылған: 13.09.2017 | 18:31
Категориялар: Өңір