Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жаңа әліпби - ел дамуының жаңа белесі

13.09.2017 | 18:22

21731626 372937199792172 3655024093362780639 o

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Қазақстан Республикасының Парламентінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» өткен тыңдауына арналған жиын болып өтті. 
 «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов «Әлемдік өркениет жетегіне ілесу үшін, Ұлы дала Елінің салт-дәстүрін, мәдени бай мұрасын өзгелерге кеңінен насихаттау үшін бізге латын әліпбиіне көшу күн тәртібіндегі өзекті мәселе, оны Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айқындап берген» - деп пікірін білдірді. 
Елбасының сындарлы саясаты, латын әліпбиіне көшу мәселесі қорық-музей қызметкерлері тарапынан бір ауыздан қолдауға ие болды.
«Парламент қабырғасында ұсынылған жаңа латын әліпбиінің нұсқасы әлі қоғамда сан мәрте талқыланады. Нақты нұсқа әзірге бекітілген жоқ, дегенмен «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», - демекші ел болып, баршамызға ортақ іске атсалысу – ортақ парызымыз» - деп сөзін қорытындылады Нұрболат Ахметжанов.

Дереккөзі: «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

 
Көрілді: 85
Жаңартылған: 13.09.2017 | 18:32
Категориялар: Өңір