Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Күн тәртібінде жастар проблемасы

13.09.2017 | 18:09

21731571 480235809028164 3765280850692203446 o

Отырар ауданы әкімдігі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі кеңес мәжілісінің кезекті отырысында күнделікті өмірдегі ең өзекті деген мәселелер талқыға салынды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Әбдіғали Жүнісов жүргізген жиында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы Рахымжан Биболатов, Отырар өнер саз мектебінің мұғалімі Гауһар Жүсіпалиева Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан баяндама жасады.
Кеңесте жастардың әскер қатарына шақырылуы мен жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында атқарылған жұмыстар жөнінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру және әскери қызметке келісім шарт бойынша жасақтау бөлімшесінің бастығы, аға лейтенант Асқар Сапақбай баяндама жасаса, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог маманы Ләйла Сейталиева аудан жастары арасында келеңсіз жағдайлардың алдын-алу, (ерте жүктілік, өз-өзіне қол жұмсау, маскүнемдік, ажырасу, нашақорлық т.б) бойынша аудандық емханамен мектептердің психологтарымен бірлесіп өткізілген тренинг, сауықтыру ойындары сынды атқарылған және алда атқарылар жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Сонымен бірге Отырар,Темір, Қарғалы ауыл округі әкімдерінің жастар саясаты бойынша атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды. 
Жиында ауданның бас имамы Серік Биімбетов бүгінгі жиында жастар мәселесіне негіз болатын көптеген мәселер қозғалғанын айта келе, жастар діни жиындарда қолдан келген көмектерін көрсетіп жүргендігін айтып алғысын білдірді. Алдағы уақытта осындай діни, тәрбиелік маңызы зор жиындарды бірлесіп өткізуге шақырды. Ал, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жауапты дәрігері, кеңес мәжілісінің мүшесі Жәния Әлшериева жас отбасылар арасындағы ажырасуды азайту керектігін айтып, бұл мәселеге селқос қарамай жастар арасында түрлі шаралар ұйымдастырып, ажырасуға әкеп соғатын жағдайларды алдын алсақ деген өз ұсынысын білдірді. «Жастар ресурстық орталығының» директоры Бауыржан Әділханов рухани жаңғыруды өзімізден бастау керектігін айтып, жиынға қатысушылар мен жастарды Латын әліпбиіне көшу жастар үшін маңызды екеніне тоқталды. Кеңес мүшелері де ауыл округтері әкімдері мен сала басшыларының баяндамасынан туындаған мәселелер бойынша түрлі сұрақтар қойып, өз ұсыныс пікірлерін білдірді. 
Кеңес соңында аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісов жоғарыда айтылған мәселелер мен ұсыныстар жауапсыз қалмайтынын айтып, ауыл жастарын түрлі бағдарламалар бойынша жұмысқа тартып, өз ауылының санитарлық тазалығы мен көгалдандыру жұмыстарына біркісідей атсалысу керектігін баса айтып, жастар әрдайым мәдениетті болып, Тәуелсіз Еліміздің рухты, жігерлі жастары болуға шақырды.

Дереккөзі: Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 
Көрілді: 300
Жаңартылған: 13.09.2017 | 18:21
Категориялар: Өңір