Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Түлкібаста бүлдіршіндерді балабақшамен қамту 92 пайызға жетті

13.09.2017 | 17:58

bala-ba--sha

Түлкібас ауданында  мемлекеттік -жекеменшік әріптестік бойынша Ақбиік ауылында 100 орындық балабақша құрылысы жүруде. Балабақша құрылысы алдағы айларда аяқталып, жыл соңына дейін ел игілігіне берілмек. Бұл туралы аталған аудан әкімдігі хабарлады.
Айта кететін жайт ауданда мектепке дейінгі балалармен қамту 92 пайызды құрап отыр.

Жалпы алғанда, Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру саласына биыл 257,6 млрд. теңге қаржы қаралып, өткен жылмен салыстырғанда 7,2% артты.  Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 1677-ні құрады, өткен оқу жылымен салыстырғанда олардың саны 95-ке артты (жекеменшік 92 балабақша мен 3 шағын орталық). Оның ішінде 764-і мемлекеттік 913-і жекеменшік. Осы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 181 мыңға жуық бала қамтылды. 3-6 жас аралығындағы балалардың балабақшамен қамту көрсеткіші 170 мың балаға немесе пайызы – 86,1-ге жетті. 2017 жылдын 1 тамызындағы жағдай бойынша балабақша кезегінде тұрған 3-6 жастағы балалар саны – 28 мың баланы құрады. Оның басым бөлігі Шымкент қаласында. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекте тұрған балалар мәселесін шешу мақсатында, ағымдағы жылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде облысымызда 2 балабақшаның құрылысы басталды. Олар жоғарыда айтйқан Түлкібас ауданында және Шымкент қаласында. Тағы 5 балабақшаның құжаттары рәсімделуде.

 
Көрілді: 88
Жаңартылған: 13.09.2017 | 17:59
Категориялар: Өңір