Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Шымкентте қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді

12.09.2017 | 10:29

21558006 499505330417622 5978415132637074079 n

Шымкентте жергілікті қолөнерт шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы облыстық көрме орталығы хабарлады. Облыстық Көрме орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 25-қазан күні сағат 10:00-де Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында «Ұлттық қолөнер – ұрпаққа ұлағат» атты облыстық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді.
Көрменнің мақсаты: заман талабына сай, жүннен, қыштан, ағаштан, темірден, зергерлік бұйымдар жасаушы, көркем сурет салушы, ұлттық нақышта тігілген көрпе-төсек пен киімдерді дайындайтын туынды иелері, яғни жергілікті кәсіпкерлердің қолынан шыққан ұлттық бұйымдарды халыққа таныстырып кеңінен насихаттау. Халық арасында ұлттық қолөнерді сақтап, дамыту жолында еңбек етіп жүрген тұлғалардың жұмыстарын өскелең ұрпаққа танытып, қасиетті ұлтымыздың құндылықтарын сақтай отырып еңбекке баулу. Облысымыздың барлық қолөнер шеберлерін көрме-жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!
Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Нұрсат м/а, Астана даң 12.
Байланыс телефонымыз: 8(7252)39-42-69, 8747-710-18-15 Жұлдыз, 8702-141-14-40 Азамат.

 
Көрілді: 134
Жаңартылған: 12.09.2017 | 10:30
Категориялар: Өңір