Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Денсаулығымыз- өз қолымызда

12.09.2017 | 10:24

21427287 523266391339742 2069475503202663816 o

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмір сүрудің күтілетін ұзақтығын 72 жасқа дейін жеткізу міндетін алға қойып отыр. Бұл үшін елде бұқаралық спортты барынша дамыту үшін қолдан келген жағдайлардың барлығы жасалып отыр.
Осы мақсатта бүгін қаламыздағы орталық Әл-Фараби алаңында Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына орай «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда» атты «Денсаулық фестивалі – 2017» іс-шарасы өтті. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараны Арыс қаласы әкімінің орынбасары Р.Айтбаев ашып, құттықтау сөз сөйлеп, мұндай шараның жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға тигізер септігі мол екендігін атап өтті.
Фестивальге қаладағы С.Қожанов, А.Құнанбаев, №11 Б.Момышұлы, Ә.Жангелдин, М.Әуезов жалпы орта мектептерінің және №4, №2 бастауыш мектептерінің 2-10 сынып аралығындағы оқушылары қатысты.
Аталмыш іс-шараға қатысқан қала жастары мен оқушылар таңғы жаттығу жасап, түрлі спорттық сайыстардан сынға түсіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Дереккөзі: Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

 
Көрілді: 84
Жаңартылған: 12.09.2017 | 10:24
Категориялар: Өңір