Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Шұқырсайдағы мектеп мәселесі шешіледі

12.09.2017 | 10:01

21551654 2082714455306663 5729456273153069604 o

Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуалиев Біртілек ауылдық округі, Шұқырсай ауылы тұрғындарының бір топ өкілдерін қабылдады. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуде аудан басшысы Шұқырсай ауылы тұрғындарының мектеп салу мәселесі бойынша және әлеуметтік жағдайлары жөніндегі өтініштерін тыңдап, бүгінгі күні Шұқырсай ауылында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтты. Шұқырсай ауылында бүгінгі күнге дейін 1 медпункт жұмыс істеп келген, биыл 0,25 га жерге ФАП салу үшін сәулеттік жобалық тапсырыс (АПЗ) құжаттары дайындалып рәсімделуде. Ауылда 1 мемлекеттік, 6 жекеменшік балабақша жұмыс істеп тұр. Ауыл тұрғындары табиғи газбен, ауыз сумен толық қамтылған, биыл  5 көшеге электр бағаналары мен электр желілерін толық тарту жұмыстары атқарылуда. Оған қоса 2 шақырым орталық көшеге жолаяқ және жарықтандыру үшін сметалық құжаттары жасалынды. Енді алдағы он күн ішінде аудан әкімдігінің тиісті бөлім басшылары, ауыл билері, ақсақалдармен бірге Шұқырсай ауылына барып, мектеп салынатын жердің орнын анықтайтын болды.

 
Көрілді: 126
Жаңартылған: 12.09.2017 | 10:02
Категориялар: Өңір