Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы»

11.09.2017 | 16:51

21427508 352250765210309 7766310641735471445 o

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес 2017 жылдың 7 қыркүйегінде Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен аудандағы көшелердің көрнекті жерлерінде, ғимараттарда, мекемелерде жазылған атаулардың, жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын қадағалау мақсатында «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» акциясы өтті. Бұл туралы Созақ аудандық әкімдігі хабарлады.
Акцияның мақсаты: аудандағы қате маңдайша, хабарландыру, жарнамалардың алдын-алу, түзету, Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңының 19, 21-баптарының талаптарына сәйкестендіру, Қазақстан Республикасы жарнама туралы заңының талаптары жайлы түсіндірме жұмыстарын жасау болып табылады. 
Акцияға Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскер, оқытушылары, жастар ресурстық орталығының белсенді жастары, спорт және денешынықтыру бөлімінің мамандары мен орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлері, сонымен қатар, аудандық БАҚ өкілдері жоғары жауапкершілікпен атсалысты.
-Акция барысында аудан орталығының Қожанов көшесі мен Жібек жолы көшесінде орналасқан мекемелер, қызмет көрсету орындары мен кәсіптік нысандарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акцияны өткізуге үлесін қосқан тіл жанашырларына алғысымызды білдіреміз!-делінген хабарламада.

 
Көрілді: 154
Жаңартылған: 11.09.2017 | 17:51
Категориялар: Өңір