Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

"Қалқанқұлақ" фильмінің тұсауы кесілді

11.09.2017 | 16:45

21317893 278437542670939 6608282282751171061 n

Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрын­да «САҚ» киностудия­сында жасалған “Қалқ­анқұлақ” қиял – ғажа­йып телехикаясының тұсау кесер рәсімі өтті.
Түсірілім актерлары жəне көрермендердің қатысуымен өткен шараны облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Төлеген құттықтау сөзбен ашып берді.
Жас буынның патриот­тық санасын қалыпта­стыра отырып, өз елі­не деген сүйіспеншіл­ігін арттыру, түрлі образдағы кейіпкерлер арқылы жақсы мен жаманды ажыратуға шақ­ыру мақсатында түсір­ілген фильм 12 бөлімнен тұ­рады. Көркем фильм сценарийінің авторы жəне режиссері – Баты­рхан Дәуренбеков.
Қазақстан Ұлттық арнасының қолдауымен түсірілген телехикаяның басты рөлдерін қалқанқұлаққа айналған Олжас пен ақылды Бақберген сомдады. Шымкент қаласының кішкене, дарынды актерлары
Ерсұлтан Сіргебай жəне Нұриман Əділхан түсірілімнің тəрбиелік мəні зор екендігін жеткізді.
Түрлі эффектілермен көркемделген телехикаяның жасалуында 2-D және 3D-технологиялар пайдаланылған.
Сонымен қатар, Астана қаласындағы ОҚО күндері аясында тұсауы кесілген "Қажымұқан" анимациялық фильмінің Шымкент қаласындағы алғашқы көрсетілімі де шара барысында орын алды.

Дереккөзі: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

 
Көрілді: 106
Жаңартылған: 11.09.2017 | 16:47
Категориялар: Өңір