Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Шалғай ауылдардағы кадр тапшылығы шешіледі

11.09.2017 | 16:19

1495256774 article b

Оңтүстік Қазақстан облысында кадр тапшылығын шешу үшін  әрбір аудан, қаладағы елді мекеннен қызметтік тұрғын салу қажет. Бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев селекторлық жиында  айтып, тиісті сала басшыларына тез арада қолға алуды тапсырды. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының қатысуымен өткен мәжілісте шалғай елді мекендерде өмір сүріп, мемлекеттік және бюджеттік салада орын алатын кадр жетіспеушілігі мәселесі мен оның шешу жолдары қаралды.

Сапалы кадр дайындау заман талабы екенін айтқан аймақ басшысы  әрбір қызметкерге барынша жағдай жасау қажеттігін жеткізді.

«Білікті кадрды жұмысқа алу үшін оған, ең алдымен, үй мәселесін шешіп беруіміз керек. Сондықтан, Оңтүстіктегі әрбір ауылдық округтен 20 пәтерлі екі қабатты, ал аудан орталығынан 30-40 пәтерлі көпқабатты типтік үлгідегі тұрғын үй  салуды биылғы жылдан қалмай қолға алуды құрылыс басқармасына тапсырамын. Осы арқылы біз маман тапшылығын жойып, сапалы кадрға қол жеткіземіз деп ойлаймын. Мұнан бөлек, жұмыстың сапасын арттырып, білікті кадрлар дайындау үшін ротациялау тетігі арқылы облыс бойынша мамандарды өзге аудандарға жұмысқа жіберу тиімді әдіс болып табылады»,-деді әкім.

Сонымен қатар, өңір басшысы тұрғын үй салу арқылы аудан әкімдерінің индикаторлық көрсеткішін бағалайтынында атап өтті.

 
Көрілді: 107
Жаңартылған: 11.09.2017 | 16:21
Категориялар: Өңір