Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

"Жүрегім толы мейірім» акциясы Созақта

11.09.2017 | 14:33

21586778 1985614178384491 548013796691039623 o
А.Жұбанов атындағы Созақ балалар саз мектебінде облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» және Созақ аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Көкейдегі бар әлем» жобасы аясында «ЖҮРЕГІМ ТОЛЫ МЕЙІРІМ» атты қайырымдылық акциясы өтті. Бұл туралы Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі жастар мен жасөспірімдердің өмірге құштарлығын арттырып, қиындықпен күресуге бейімдеу, қоғам назарынан тыс қалдырмай, мүмкіндігі шектеулі жандарды кәсіпкерлікке баулып және оған көмек көрсету болып табылады. 
Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары А.Сатыбалды, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Сағындық, аудандық кәсіпкерлік мектебінің басшысы Е.Қалмырзаев және "Жастар ресурстық орталығы" КММ басшысы С.Маманов арнайы қатысып, шараға қатысушыларға сәттілік тіледі. 
Арнайы мамандардың түсіндіруімен бизнес бастамалар мен жоба жазу негіздері тақырыбында тренинг өткізіліп, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 
Көрілді: 114
Жаңартылған: 11.09.2017 | 14:34
Категориялар: Өңір