Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

10 кооперативті қаржыландырды

19.08.2017 | 13:22
10 кооперативті қаржыландырды

        «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 54 және 55-ші қадамдары елдегі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Осы бағытта бүгінде өңірлерде шағын және орта кәсіппен айналысушыларға көптеген қолдаулар көрсетіліп, мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер ұсынылуда. Осы орайда жақында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының мамандары арыстықтарға бизнеспен айналысудың жолдары және мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталмыш орталық  жыл басынан бері 16 кооперативті құруға күш салыпты. Бұл мақсатқа 279 миллион теңге қаржы қаралған. Біраз қаражат «Синерджи» агротренд кооперативіне бұйырыпты. Орталықтың мамандары  кәсіп ашамын дегендерге мол мүмкіндік ұсынып отырғандығын айтады. Бүгінде кооперативтердің кепілдемесіз, жеңілдетілген несиелер алуына жағдай жасалған. Қаржыландыру мекемесінің көмегімен қазіргі таңда бірқатар шаруа қожалығының тасы өрге домалады. Орталық бүгінде 290 миллион тенгені құрайтын 10 кооперативті қаржыландыруда. Шымкент қаласында төрт біріккен шаруа қожалыққа қолдау көрсету мақсатында 61 миллион теңге қаралған.  Бұдан бөлек, екі сүт тасымалдау автокөлігі алынып, екі сүт қабылдау бекеті, үш өңдеу цехы және бір мал сою бекеті жабдықталды. «Оңтүстік» АИО-ның жұмысы мұнымен тоқтап қалмақ емес. Олар кәсіп ашамын деген әрбір азаматқа қаржылай көмектесуге дайын. 

 
Көрілді: 196
Жаңартылған: 19.08.2017 | 13:24
Категориялар: Өңірдегі басты жаңалықтар, Өңір