Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

ОҚО мен Венгрия арасындағы байланыс нығайып келеді

13.08.2017 | 21:25
ОҚО мен Венгрия арасындағы байланыс нығайып келеді

        Оңтүстік Қазақстан облысымен мен Венгрияның сауда-саттық байланысы 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында 1 млн АҚШ долларын құраған. Бұл туралы  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен  Венгриядан келген бір топ делегацияның кездесу жиынында айтылды. Делегация құрамында Яс Надькун Сольнюк аймағының мәжіліс төрағасы Шандор Ковач, Венгрияның Алматыдағы бас консулы Блауманн Ференц, Венгрияның Қазақстандағы құрметті консулы Ласло Хорват бар.  «Оңтүстік Қазақстан облысы – аграрлы өңір. Бізде жылына 300 мың тонна мақта өндіріледі. Өңірде негізінен ауыл шаруашылығы саласына басымдық берілген.  Облыс жеміс-жидек, көкөніс, бау-бақша өнімдерін өндіреді. Аумақтың индустриалды әлеуеті жыл санап жақсарып, бүгінде 11 индустриалды, 1 экономикалық арнайы аймағымыз жұмыс істейді. Аталған аймақтарда инфрақұрылымдық қажеттеліктер толығымен қамтамасыз етіліп, шетелдік инвесторларға барлық жеңілдіктер қарастырылған. Екі жақтың кездесудің басты  мақсаты Елбасының «Қазақстан 2050» Стратегиясындағы инвесторларды тарту тапсырмасын жүзеге асыру», - деді Жансейіт Түймебаев. Ал венгрлік меймандар екі ел арасындағы қарым-қатынастың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді. Келешекте мәдени-гуманитарлық, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жандандырып, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында тығыз жұмыс істеуге ниетті екендіктерін жеткізді.

       Айта кетейік, екі ел арасында Қазақстан-Венгрия стратегиялық кеңесі, экономикалық ынтымақтасық жөніндегі үкіметаралық комиссия, Іскерлік кеңес, сондай-ақ, тікелей инвестициялар бойынша Қазақстан мен Венгрияның бірлескен қоры жұмыс істейді.

 
Көрілді: 252
Жаңартылған: 13.08.2017 | 21:27
Категориялар: Өңірдегі басты жаңалықтар, Өңір