Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Шымкенттің әкімі жұрттың жүрегін елжіретті

26.12.2018 | 14:14
Шымкенттің әкімі жұрттың жүрегін елжіретті

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың кішкентай қызды құшақтап тұрған суреті тарап кетті. Қаладағы №4 мектеп интернатында түсірілген бұл сурет жұрттың жүрегін елжіретті. Бұл туралы Facebook-тегі "Шымкент Ақпарат" парақшасы жазады. 

Әбідрахымовтың кішкентай бүлдіршіннің маңдайынан сүйіп тұрған сәті фотограф кадрына ілінген. Бұл суретті көрген желі қолданушылары қала әкімінің мейірімділігін бірден байқағанын айтқан екен.

"Осындай азаматты дүниеге алып келген Анасына мың алғыс!", "Жүрегі бар адам ғана елжірейді", "Қарғыс алма, алғыс ал" деген осы шығар", "Сізге Алла разы болсын. Қазақтың ер-азаматтары сіздей болса дер едім. Отбасымызбен сізді жақсы көреміз", "Ғабидолла, жарайсың. Сен ары мен адамгершілігі жоқ шенеуніктерге үлгі болар адамсың", - деп жазған олар.

Айта кетейік, Шымкент әкімі Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы мектеп интернатына барып, Елбасының құттықтау хаты мен сый-сияпатын табыстаған еді.

Президент Жаңа жыл қарсаңында аталған мектеп-интернатқа көлік сыйлады.

 
Көрілді: 1379
Жаңартылған: 27.12.2018 | 10:07
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір