Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қазақстанда аты-жөні бірдей қанша адам тұрады?

19.08.2018 | 12:11
Қазақстанда аты-жөні бірдей қанша адам тұрады?

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті елімізде аты, тегі және әкесінің аты бірдей қанша адамның тұратынын есептеп шығарды. «2018 жылы 1 шілдегі мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасында аты, тегі және әкесінің аты толықтай сәйкес келетін 520 159 адам тұрады, олардың саны 1 534 815 резидентті құрайды»,– деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Яғни 1 534 815 адамның ішінде бірдей атаулы 520 159 адам бар деген сөз.  Комитет тек тегі мен аты ғана бірдей адамдардың санын да жариялады. Олардың жиынтық саны елімізде 9 миллионнан асып жығылады. Бұл ретте аталған ведомство олардың кейбірінде әкелерінің аты жазылмағанын айтқан.
 massaget.kz

 
Көрілді: 2831
Жаңартылған: 17.08.2018 | 12:13
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір