Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қазақстандағы зергерлік бұйымдардың 90 пайызы арзан металлдан жасалған әшекей болып шықты

03.08.2018 | 10:27

Қазақстандағы зергерлік бұйымдардың 90 пайызы арзан металлдан жасалған әшекей болып шықты. Белгілі болғандай, тіпті сынақ нәтижелеріне де сенуге болмайды. Себебі, сатушылардың көбі елге алтын жалатылған күміс сатады.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жүз бұйымның ішінен ең жақсы біреуін таңдап алсаңыз да ол жалған алтын болуы мүмкін. Сарапшылардың ақпаратына сүйенсек, елдегі зергерлік бұйымдардың 90 пайызы арзан металдан жасалған әшекей екен.

«Біздің елдің де, Ресейдің де зергерлері Түркияның бұйымдарымен бәсекеге түсе алмайды. Себебі, ол жақтан тек алтын жалатылған арзан бұйымдар ғана жеткізіледі. Бірақ, ешқайсысы барып сатып алған алтын бұйымның сынамасын тексеріп жатпайды»,-дейді Қазақстан зергерлер одағының төрағасы Қайсар Жұмағалиев.

Қазір елге келіп жатқан бағалы әшекейлер бір қарағанда алтын секілді көрінгенімен, негізінде құны көк тиын тұрмайтын темірден жасалған арзан бұйым.

2017 жылы Қазақстанға заңсыз түрде үш келі, ал биыл 5 келіден аса алтын бұйымдарды кіргізбекші болған.

«Басқа елдерде зерлерлік бұйымды заңсыз өндіргендер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, заң алдында жауап береді. Тек біздің елде ғана осындай қылмыс жасағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оның өзінде ол үшін салынатын ең жоғары айыппұлдың құны 1 миллион теңгені ғана құрайды»,-дейді Қайсар Жұмағалиев.

Ал, алтын бұйымның жалған немесе жалған емес екенін үй жағдайында да йодпен тексеріп көруге  болады. Егер зергерлік бұйымда сұйықтың ізі қалса, онда ал шынымен де бағалы бұйым болмақ. Сонымен қатар, алтын бұйымда арнайы таңба болады, яғни барыстың басы бейнеленіп, 585 саны жазылып тұруы керек.

maxresdefault

 
Көрілді: 2917
Жаңартылған: 03.08.2018 | 10:32
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір