Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Жыл басынан бері 7 мыңға жуық адам Қазақстаннан көшіп кеткен

22.05.2018 | 09:57
Жыл басынан бері 7 мыңға жуық адам Қазақстаннан көшіп кеткен

2018 жылдың басынан бері Қазақстаннан өзге мемлекетке 6 846 адам қоныс аударған. Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасағанNUR.KZ.

Комитеттің мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі ТМД, оның ішінде Ресейге қоныс аударған. Германияға 500-ге жуық, АҚШ-қа 60-тан астам азамат көшіп кеткен.

Комитет сарапшысы Қайыр Рыспаевтың сөзінше, ең үлкен көші-қон Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды, сондай-ақ Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген.

Сонымен қатар Қазақстанға тұрақты тұруға келетін шетелдіктер де аз емес, олар, әдетте, ірі қалаларды таңдайды екен.

21

 
Көрілді: 1832
Жаңартылған: 22.05.2018 | 10:04
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір