Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ғалымдар ерлердің денсаулығына ерекше пайдалы сусынды атады

02.05.2018 | 09:49
Ғалымдар ерлердің денсаулығына ерекше пайдалы сусынды атады

Шотландияда ғалымдар зерттеу жүргізіп, ер адамдардың денсаулығына ерекше пайдалы сусынды анықтады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ғалымдар жүргізген зерттеуге 58 ер адам қатысқан. Қатысушылардың жасы 21-64 аралығында болған екен.

Зерттеу кезінде қатысушылар екі апта бойы анар сусынын ішіпті.

Анықталғандай, анар сусыны ер адамның ағзасындағы тестостерон мөлшерін көбейтеді екен. Сонымен қатар сексуалдық белсенділігін арттырып, ұйқы сапасын жақсартып, күйзелістен арылтатын болып шықты.

Зерттеудің бас кезінде кейбір қатысушының ағзасындағы тестостерон гормонының мөлшері 16 пайыз болған екен. Алайда зерттеу аяқталған кезде олар қайта тескеріліп, бұл көрсеткіштің екі есе өскенін байқапты.

056

 
Көрілді: 917
Жаңартылған: 02.05.2018 | 10:00
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір