Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Әйел сәбиіне "хайуансың" деп жастықпен ұрған

16.04.2018 | 09:37
Әйел сәбиіне

Желіде өз сәбиін балағаттап, оған қол жұмсаған әйелдің видеосы тарады, деп жазады Today.kz.

"Жек көрем сені, сен хайуан, сен менің жеке өмірімді құруыма кедергі келтіресің. Одан да түсік тастағаным жақсы еді", – дейді анасы нәрестеге. 

Әйел баланы балағаттап, оны жастықпен ұрған, мойнынан қысып, сілкілеген. 

Оқиғаның қай жерде болғаны белгісіз. Желіге тараған расталмаған ақпаратта оқиғаның Мәскеуде болғаны айтылады. 

"Мәскеулік мас әйел үш айлық қызына қол көтеріп, оны видеоға түсірген. Видеоны әлеуметтік желіге оның танысы салған. Әйел видеоны сәбидің әкесіне жібермек болғанын, бірақ қателесіп танысына жіберіп қойғанын айтқан. Видеоны көрген танысы бірден балаларды қорғау органдарына хабарласты. Қазір сәби әкесімен бірге, оны анасынан алып кетті", – делінген ntvru парақшасында. 

585858

 
Көрілді: 1213
Жаңартылған: 16.04.2018 | 09:54
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір