Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Қайтыс болған адамның аккаунтын қалай өшіруге болады?

02.04.2018 | 12:47
Қайтыс болған адамның аккаунтын қалай өшіруге болады?

 

Instagram әлеуметтік желісінде пайдаланушының өліміне байланысты екі қызмет бар. Мысалы, егер сіз осы әлеуметтік желіде қайтыс болған адамға тиесілі аккаунтты байқап қалсаңыз, естелік мәртебесін орнату үшін бұл жөнінде қолдау көрсету қызметіне хабарлауыңызға болады. Бұл мәртебені мына сілтеме бойынша қолдау көрсету қызметіне сұраныс жолдау арқылы орнатуға болады.

Ол үшін некролог немесе жаңалыққа сілтеме түріндегі кісі өлімін растау талап етіледі. Егер, сіз мұндай адамның туысы болсаңыз, онда инстаграмдағы аккаунттың жойылуына өтініш жолдауыңызға болады және мұндай өтініш жолдау барысында әлгі адамның туысы екеніңіздің дәлелі қажет болады: қайтыс болған адамның туу туралы куәлігі, қайтыс болған адамның өлімін растайтын куәлік, жергілікті заңнамаға сәйкес, қайтыс болған адамның заңды өкілі немесе оның мүлкін басқарушысы екеніңіздің дәлелі. Аккаунтты жоюды талап ету үшін мына сілтемебойынша өтініш үлгісін толтыру қажет.

Сол сияқты Facebook әлеуметтік желісі де пайдаланушы туралы естелік қалсын деген ниетпен естелік мәртебесін орнату мүмкіндігін ұсынады. Мұны мына сілтеме арқылы орындауға болады. Ал қайтыс болған жақын адамның аккаунтын мына сілтеме арқылы өтіп жоюға болады. Бұл үшін де өз туыстық жақындығыңызды және пайдаланушының қайтыс болғанын растау қажет болады. Бұдан басқа, Facebook қаза тапқан азамат өз парақшасында бөліскен материалдарды да ұсына алады. Кей жағдайларда аталған желінің әкімшілігі аккаунт немесе материалдар туралы қосымша ақпарат алуға жолданған ұсынысты қарастыруы мүмкін. Ол үшін сіз құзырлы тұлға (мысалы, отбасы мүшесі) екеніңіздің дәлелі немесе сот бұйрығы қажет. Бұл өтінішті мына жерде рәсімдеуге болады.

Одноклассники сайтының әкімшілігі қаза тапқан адамның парақшасын туыстардан жолданған арнайы өтініш бойынша ғана жоя алады. Сіздің сұрауыңыз қанағаттандырылуы үшін қайтыс болған адамның парақшасына сілтеме, сондай-ақ, жолданған хатқа қоса тіркелген кісі өлімі туралы куәлікті де ұсыну қажет. Егер, сілтемені таппаған жағдайда, пайдаланушының аты-жөнін, жасын, тұрған қала атауын жазуға болады.

Мұндай өтінішті мына сілтеме арқылы толтыруға болады. Алайда, мұндай қайғылы жағдай орын алса да, сайт әкімшілігі сізге қайтыс болған адамның парақшасы жайлы ешқандай ақпарат, логин мен құпиясөзді де ұсынбайды.

Сонымен қатар, вконтакте әлеуметтік желісінің әкімшілігі де туыстардан жолданған өтінішті қарастыра алады. Мәртебені растау үшін кісі өлімі туралы куәліктің фотосуретін немесе көшірмесін ұсынып, оны сәйкес үлгіде қолдау көрсету қызметіне жолдау қажет. Бұл әрекеттердің барлығын мына сілтеме арқылы орындауға болады.

Twitter пайдаланушысы қайтыс болған жағдайда сайт әкімшілігі оның есептік жазбаларын өшіре алады. Ол үшін қолдау көрсету қызметіне оның құқық мұрагері немесе жақын туысы хабарласып, өзінің тұлғасын растауы керек және өтінішті мына сілтеме арқылы жолдай алады. Өтінішті жолдағаннан кейін әкімшілік сізге қосымша ақпараттарды ұсынуыңыз үшін нұсқаулықты сіздің электрондық поштаңызға жібереді. Бұл жағдайда пайдаланушыға ол ақпараттардың құпиялылығы және қаралғаннан кейін барлық құжаттың жойылатынына кепілдік беріледі.

 

Baq.kz 

 

switch account big

 

 

 
Көрілді: 730
Жаңартылған: 02.04.2018 | 12:53
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір