Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Буын алмастыру қанша тұрады?

29.03.2018 | 10:23
Буын алмастыру қанша тұрады?

    Статистикаға сүйенсек, буын аурулары адамды мүгедек ету бойынша әлемде бірінші орында тұр. Бүгінде  елімізде 200 мыңға жуық адам буын ауруының зардабын тартып келеді. Бұрын бұл дерттің құрсауына 50 жасты еңсеріп, 60-қа аяқ басқандар шалдығатын болса, бүгінде 15 жасар жеткіншектердің де буындары сыр бере бастапты. Дәрігерлердің дабыл қағатындайы бар, өйткені ревмотологиялық аурулар созылмалы дерт саналады. Тармақтары бойынша бірнеше түрге бөлінеді. Сондықтан тек буын ғана емес, ағзаның өзге де мүшелерін емдеу қажет. Ревматологияның тұтастай медицинаны қамтитын сала екендігі де осыдан. Халық денсаулығына бей-жәй қарап, дәрігерге уақытысында көрінбеудің салдарынан мүгедек атанып жатыр. Буыны ауыра бастаған адам ең алдымен терапевтке, невропотологқа, травматологқа қаралады дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасы, ревматология бөлімінің меңгерушісі Мамыржан Саипов. «Науқастар ревматолог деген маманның бар екеніне аса мән бермейді. Ал шын мәнінде буын ауруларының үшінші кезеңіне дейін ревматолог-дәрігерлер қарайды. Ал аурудың төртінші, яғни соңғы кезеңін травматолог-ортопед мамандар емдейді»,- дейді дәрігер. Бүгінде көпшілікті эндопротез салу – буын алмастыру қанша тұрады деген сұраққа Мамыржан Камалұлы былай жауап берді: «Буындары істен шығып, қимылдай алмай қалған азаматтарға протез салу мемлекет есебінен тегін жүргізіледі. Мемлекеттен науқастарға  өте көп көлемде грант бөлінеді. Гранттың саны жеткілікті деңгейде беріліп жатқандықтан ол ақылы протездеуді қажет етпейді. Сондықтан мүгедек болып қалған науқастар болашағына алаңдамаса да болады. Эндопротездің арқасында қаншама адам аяққа тұрды...». 

 

                                                                                           Дана Жұмабекқызы

map

 
Көрілді: 582
Жаңартылған: 29.03.2018 | 10:41
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір