Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мұрат Қожаның бұрынғы жары қыздарының әкесін сұрамайтынын айтты

16.03.2018 | 10:42
Мұрат Қожаның бұрынғы жары қыздарының әкесін сұрамайтынын айтты

Белгілі киносыншы Айман Нұразхан алғаш рет әрі соңғы рет, өз өміріне алаңдаушылық білдіретін халыққа ашық сұхбат берді деп жазады stan.kz.

«Мен бұрыңғы күйеуімді  яғни Мұрат Қожаны кешірдім. Ол кісі мені бір күнде үш қызбен қалдырып кеткен кезде бұл жөнінде ешкімге айтпадым. Басымдағы жағымсыз жағдайды пиар ретінде пайдаланғым келмеді.

Қазір ол кісінің формасын жоғалтып, эфирлерден көрінбей кеткеніне жаным ашиды, шын алаңдаймын. Себебі біз 4 жыл бірге тұрдық.

Тағы біраз уақыт ерлі-зайыпты болып жүрдік. Қазір бір қызы бар деп естідім. Басқа әйелде тағы бір ұлы бар. Ол кісіге тек бақыт тілеймін. Қазір ешқандай да өкпем, ренішім  жоқ»,-дейді Айман Нұразхан.

Айман Нұразхан күйеуінің туыстарына қазірге дейін көрген жерде иіліп сәлем береді екен.

«Негізі мен сәлем салмасам да болады. Он жыл бірге тұрғаннан кейін соған үйреніп қалыппын. Иілгеннен мен еш жамандық көрмеймін. Қайта ақ батасын, тілегін аламын үлкендердің. Алғаш ажырасқан кезде еш қиналмадым.

Мен ешқашан қиындықты мойымайтын адаммын. Тек жүрегім ауырды. Осы қыста үш қыздың атасы қоңырау  соғып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ұзақ сөйлестік. Бір-бірімізді сағынып қалыппыз. Енді бұйыртса кездесуіміз мүмкін.»,-дейді Айман Нұразхан.

Айман Нұразхан он жыл келін болған кезінде өте бақытты болғанын да жасырмады.

“Біз бірге жол көлік оқиғасына тап болдық. Ауруханада бірге емделдік. Дәрігерлер “жүрмей қалуыңыз мүмкін” деп болжады менің денсаулығымды. Сол кезде бір -бірімізді демеп, рухани жақын адамдар болып кеттік.

Ол өте талантты адам. Қазір өкінішке орай Мұрат үш қызымен араласпайды. Балалар бұрындары көп сұрайтын. Соңғы кезде сұрамайтын да болды. Көздері де жеткен болар.”,-деді Айман Нұразхан.

Киносыншы болашақта тұрмысқа шығу туралы ойламайды да екен.

“Мен үш қызыма дұрыс тәрбие бергім келеді. Олар әр таңда “анашым” деген кезде қуаныштан өмірді сүйіп кетемін. Ата-анам қандай зиялы адамдар екенін білесіз. Інім мен келінім бар. Екі жиен немерем бар. Бақыттымын.

Ал өзге әйелдерге өз өмірімнен сабақ айта алмаймын. Менің ешкімге ақыл айтуға құқығым жоқ. Көп әйелдер желіде менің өзімді жақсы көретініме, еш қиындыққа мойымайтыныма қызығатындарын жиі айтады. Мені қолдайтын халыққа алғысым шексіз. Мен қазір өте бақыттымын.”,-деді Айман Нұразхан.

Бұл туралы Айман Нұразхан құрбысы Мақпал Қаратайға берген сұхбатында ашық әңгімеледі.

18381833 470259029979471 9047509970945310720 n

 
Көрілді: 2678
Жаңартылған: 16.03.2018 | 10:52
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір