Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Тамызда аптап ыстықтың беті қайтады

02.08.2017 | 12:22
Тамызда аптап ыстықтың беті қайтады

«Қазгидромет» РМК тамыз айына арналған ауа райы болжамын жария етті.

Тамыз айында еліміздің барлық аумағында айлық орташа ауа температура климаттық нормаға жақындайды. Батыс Қазақстан облысы, Атырау, Манғыстау облыстарында, Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының кейбір аудандарында айлық жауын-шашын көлемі нормадан аз болады. Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, солтүстік-батыста желдің жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін.

10 тамыздан кейін еліміздің брнеше облысында қайтадан ауа температурасы көтеріледі және жауын-шашын азаяды.

Күндіз ауа температурасы:

Солтүстік жартысында 25...30 дейін жылы

Онтүстік жартысыда 30...35 дейін жылы болуы мүмкін.

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес айдың екінші және үшінші онкүндігінде жаңбыр жауып, ауа температурасының көтерілуімен ауысып тұрады.

 

nur.kz

 
Көрілді: 2196
Жаңартылған: 02.08.2017 | 12:27
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір