Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Мейрамбек Беспаев: Баянның кітабын ешуақытта оқымаймын

31.07.2017 | 16:52
Мейрамбек Беспаев: Баянның кітабын ешуақытта оқымаймын

 

«Мұзарт» тобының әншісі Мейрамбек Беспаев алғаш рет елге жан дүниесін мазалап жүрген жайттар туралы сыр бөлісіп, өзінің сүйікті тыңдармандарына салиқалы әңгімесін ұсынды. "Жұлдыз ТВ" арнасына берген сұхбатында ол  Баян Есентаева, Айгүл Иманбаева, Ләйлә Сұлтанқызы және Зарина Омарова сынды шоу бизнес өкілдерінің өз өмірі туралы сыр шертіп жазған кітаптарын ешуақытта оқымайтынын айтты.

-Қазір жаппай бір-екі қызға көп қаракөздеріміз үңіліп жатыр, солардай болғысы келеді. «Динара Сәтжан, Баян Есентаева сияқты. Ол жақсылыққа апара ма, жамандыққа апара ма, мен білмеймін. Бірақ көбінесе біздің қаракөздеріміз солар сияқты болғысы келіп жүр. Солар тәрбиелеп жатыр. Жалаңаш бейнесін көрсету, оның өзін ұят емес дегенге келтіру, кейбір жерлерде әдептерден кетіп қалып жатыр. Осы сәнге айналып жатқан сияқты.  Мені оның барлығы қынжылтады. Мен ондайларды оқымаймын"- деді Мейрамбек Беспаев

 

 
Көрілді: 1584
Жаңартылған: 31.07.2017 | 16:54
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір