Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

«Әлем мисисі-2017» байқауына Қазақстанның атынан қатысатын үміткер белгілі болды

31.07.2017 | 14:59
«Әлем мисисі-2017» байқауына Қазақстанның атынан қатысатын үміткер белгілі болды

 

«Әлем миссисі-2017» байқауына тұңғыш рет Қазақстанның атынан жас ана Камилия Қанапянова барады, деп хабарлады оның жеке менеджері Стас Мельников. «Бұл халықаралық байқауына әлемнің 80 елінен ең сұлу аналар қатысады. Осы жылы еліміздің атын Камилия Қанапянова бағын сынайтын болады», дейді менеджер Стас Мельникова.

Айта кетейік Камилия Қанапянова 2010 жылы  Westminister университетіне оқуға түсіп, LLM Master of Law  дәрежесін алған. Жеке авикомпанияда, кейін жылжымайтын мүлік агентігінде жұмыс істеген.  2013 жылы Лондондағы Pall Mall-да орналасқан Thrings Solicitors ағылшын заңгерлік фирмасында заңгер болып карьерасын жалғастырады. Лондонда 7 жыл тұрып, 2015 жылы Астанаға оралды. Қазір ол 1 бала тәрбиелеп отырған бақытты әйел.

«Әлем миссисі-2017» байқауы Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында 25 тамыз-3 қыркүйек күндері өтеді.

 
Көрілді: 729
Жаңартылған: 31.07.2017 | 15:01
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір