Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

"Сыра ханхзадасы" Төлешов тағы да сотталмақ

05.07.2017 | 10:17

Мемлекеттік төңкеріліс жасауға әрекеттену, азаптау, кісі өлтіру және өзге де қылмыс жасағаны үшін сотталған Тоқтар Төлешов тағы да заң алдында жауап береді деп хабарлайды Baq.kz.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, оған қаржы және экономикалық құқық бұзушылықтар, атап айтқанда, салықтан жалтару, бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігін бұзу, ірі көлемде пара беру баптары бойын айып тағылуда.

 Сонымен қатар тағы сегіз адам жауапқа тартылмақ, оның үшеуі - әйел. Олардың кейбірі – Сыра зауытының бұрынғы қызметкерлері, ірі көлемде пара алды деп айыпталып отырған шенеуніктер де бар.

10 шілдеге белгіленген сот процесі ашық өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Тоқтар Төлешов 21 жылға сотталған болаты

 
Көрілді: 1167
Жаңартылған: 04.07.2017 | 23:27
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір