Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Журналист президент сыйлығынан бас тартты

27.06.2017 | 15:34

Бүгін Ақордада мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова үздік журналистерге президент сыйлығы мен гранаттарын табыстады.

Салтанатты жиында «Хабар» арнасының тілшісі Майра Әбдірахманова президент сыйлығынан алатын қаржысын қайырымдылық қорына аударатындығын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мен үшін президент сыйлығын алу үлкен бақыт. Біріншіден мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, әрі «Хабар» агенттігі мен «24 KZ» ұжымына, ҚР президентінің баспасөз қызметіне және кандидаттарды іріктеп алған беделді комиссия мүшелеріне алғысымды білдіремін. Бұл – ұжымның жетістігі. Мен телевидениенің табалдырығын осыдан 30 жыл бұрын аттадым», – деді ол.

Осы ретте тәжірибелі журналист алған сыйлығын «Мейірімділік» қайырымдылық қорына аударатындығын жеткізді.

«Өздеріңіз білетіндей, бұл қорды әріптесім, журналист Аружан Саин басқарады. Елбасы өзінің «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығынан алған қаржысын осы қорға аударған болатын. Нәтижесінде 29 бала өлім аузынан құтқарылды. Оларға шұғыл түрде операция жасалды. Менің ойымша, балаларға әлі де көмек керек. Сондықтан біз мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан үлгі алуымыз керек», – деп түйіндеді сөзін Майра Әбдірахманова.

 
Көрілді: 3365
Жаңартылған: 27.06.2017 | 16:12
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір