Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Нью-Йорктің ең үздік полицейі Димаш туралы фильм түсірді (видео)

09.06.2017 | 10:21

АҚШ-тағы қазақстандықтар туралы бірнеше фильм түсірген Қанат Бейсекеев шеттегі қандасымыз жайында тағы бір фильм түсірді. Бұл жолғы кейіпкер – Нью-Йорктің ең үздік полицейі Димаш Ниязов.

Tengrinews.kz тілшісіне түсініктеме берген режиссер алғашқыда полицейлер туралы фильм түсіргісі келмегенін, алайда кейін бұл тақырыпқа басқа қырынан келуге бел байлағанын айтыпты. «Димашты сөйлетіп, жан дүниесін ашу оңай болған жоқ» дейді Қ.Бейсекеев.

Полиция учаскесінде түсірілім жасауға рұқсат бермеген. Режиссер тәуекелге барып, жерлесін рұқсатсыз түсірген.

Он бір минуттық фильмде Димаш Ниязов отбасы, жұмысы, әуес ісі туралы толымды айтады.

 
Көрілді: 448
Жаңартылған: 09.06.2017 | 10:23
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір