Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Бауыржан Әбдішев тас төсеніштен сүрінген..

Қарағанды облысының экс-әкіміне қатысты қылмыстық іске екі серігі қосылды

29.09.2014 | 09:02
Бауыржан Әбдішев тас төсеніштен сүрінген.. сурет news.nur.kz сайтынан алынды

abdishevЕкі айға қамауға алынып, тергеуге түскен Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішевке қатысты қылмыстық іске екі шенеунік қосылды.  Жергілікті жердегі «Қарағанды жаңалықтары» басылымының жазуынша, Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы және Қарағанды әкімінің экс-орынбасары Мұхтар Адамбековтер қосылған. Бірақ олар Бауыржан Әбдішев секілді қамауға алынбаған. Екі шенеунік те ешқайда кетпеу жайында тергеу орындарына қолхат берген.   

Сондай-ақ, бұрынғы әкімге қатысты қозғалған қылмыстық істің кейбір тұстары белгілі болған. Мәселен, тергеу ісі бойынша 2012 жылы Бауыржан Әбдішев Қарағанды облысын басқарған кезінде өзінің қол астындағы тұлғаларға  бұйрық беріп, түрлі мемлекеттік орындарға, мәдениет және демалыс орталықтарына қажетті «брусчатка» яғни, тас төсеніштерді бір ғана зауыттан сатып алдыртқан. Сөйтіп, мемлекеттік сатып алу заңының тәртібін белден басып, ешқандай байқау жариялатпаған. Осылайша өзіне кіндігі байлаулы зауытқа  Бауыржан Әбдішев  1,2 миллиард теңгені заңсыз жолмен тауып беріпті.

Бір айта кетері, Бауыржан Әбдішев бұдан басқа екі қылмыстық істе басты күдікті ретінде тергеуге алынған.  

 
Көрілді: 1553
Жаңартылған: 29.09.2014 | 09:07
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмір
Белгі: Бауыржан Әбдішев, жемқорлық, шенеунік


Тақырыпты басқа мақалалар