Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Саят Шаяхметовтің ісі қайтадан тергелмек

Он бес тәулік ішінде қарсылық таныта алады

11.09.2014 | 17:29
Саят Шаяхметовтің ісі қайтадан тергелмек Айыпталушы Саят Шаяхметов

Астана қаласы Алматы ауданының нөмірі екінші соты Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары Саят Шаяхметовтің ісін қайта тергеуге жіберді. Қылмыстық істі қайта тергеуге жіберу өтінішін  Саят Шаяхметовтің қорғаушысы Нұрлан Бейсекеев жасаған  болатын. Дегенмен, екінші жақ соттың бұл шешіміне 15 тәуліктің ішінде қарсылық білдіре алады. Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылдың 1 қарашасында қаржы полициясы С.Шаяхметовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтаған болатын.  Экс-вице-министр Өскеменде 700 орындық білім беру мекемесі құрылысында қызмет өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталған. Мемлекетке келтірген шығыны  1,1 млрд теңге деп айтылған. Сү Шаяхметов 2013 жылдың мамыр айында тұтқындалған еді. Кейіннен үйқамаққа ауыстырылды. 

Көрілді: 1982
Жаңартылған: 11.09.2014 | 17:33
Категориялар: Басты жаңалықтар, Өмірдегі басты жаңалықтар, Өмір
Белгі: шенеунік


Тақырыпты басқа мақалалар