Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Пәкістандық шайдан зиянды бояғыштар мен зең табылды

19.06.2018 | 15:51
Пәкістандық шайдан зиянды бояғыштар мен зең табылды

Қазақстан құрамында зиянды бояғыштар мен зеңнің табылуына байланысты елге пәкістандық шайларды импорттауға тыйым салды. Бұл туралы  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады  ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулықты қорғау комитеті Кеден одағының «Азық-түлік өнімдері таңбалау бойынша» және «Азық-түлік қоспалары, дәмі және технологиялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар», сондай-ақ «Тағам қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерінің талаптарына сай келмейтін Қазақстанның тұтыну нарығындағы пәкістандық шайлардың сату фактілерін анықтады»,- делінген хабарламада.

Агенттіктің хабарлауынша, Пәкістан өндіретін Al Barkat (AA Mughal General Traders өндірушісі), Gajjal’s Thea (KPK Gajjal’s шығарған), Allama («MTI medical Pvt» шығарған), Pac Tea ( «Zaib-un-Nisa street Sadar Karachi») және «Allied Tea» («S.I.T.E. Karachi» шығарған) шайлардан шайға қосуға тыйым салынған синтетикалық бояғыштар табылды.

Сонымен қатар, «Әл-Барқат» шайындағы зеңнің құрамы қалыпты деңгейден 10 есе, ал «Гаджал» шайында 2-4 есе асады.

Сондай-ақ, пәкістандық шайлардың қорабы да таңбалауға сәйкес келмейді. Онда өндіріс күні, өндірушінің атауы және орналасқан жері, EAC айналымының бірыңғай белгісі жоқ.

Осыған сәйкес, комитет талапқа сай емес өндірілген пәкістандық шайларды нарықтан алып тастау және жою бойынша шараларды қолға алып, импорт пен сатуға тыйым салу үшін уақытша санитарлық шаралар енгізеді.

02

 
Көрілді: 2738
Жаңартылған: 19.06.2018 | 15:57
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар