Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

БҰҰ қыз алып қашу дәстүріне қарсы шықты

01.06.2018 | 14:50
БҰҰ қыз алып қашу дәстүріне қарсы шықты

Қырғызстанда қызды ұрлап, өлтіріп кеткен оқиғадан соң Біріккен ұлттар ұйымы алаңдай бастады.

Қырғыз елінде 24 жасқа дейінгі қыздардың  13,8 %-ын күштеп алып қашқан, деп жазады sputnik-ке сілтеме жасаған stan.kz.

“Қырғызстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл заңсыз әрекетті жоюды қолдайды және оны 2022 жылға дейін Қырғызстан үкіметі қол қойған келісімге сәйкес басымдықтардың бірі деп таниды”, — делінген мәлімдеме мәтінінде.

БҰҰ мәліметінше, қыз алып қашу және адамды еркінен тыс үйлендіру оның жеке бас құқығын бұзуға жатады. Бұл қырғыздардың салт-дәстүріне сай емес. Сондықтан БҰҰ Қырғызстан үкіметін халықаралық шарттар мен ұлттық заңның орындалуын қолға алуға шақырады.

2

 
Көрілді: 1277
Жаңартылған: 01.06.2018 | 14:54
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар