Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Шымкентте 72 отбасына пәтер кілті табысталды

24.04.2018 | 14:02
Шымкентте 72 отбасына пәтер кілті табысталды

Бүгін Шымкент қаласы Тұлпар мөлтек ауданында жаңа «Тұлпар» тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, ондағы 3 қабатты көппәтерлі екі тұрғын үйдің кілті оңтүстікқазақстандық 72 отбасыға тапсырылды.

     Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев жаңа қоныс иелерінің қуанышымен бөлісті. «Елбасының жарияланған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінің барлық бағыттары бойынша облыста тиісті жұмыстар атқарылуда. Үндеудің бірінші бағыты «7-20-25» бағдарламасын өңірде сәтті жүзеге асыру үшін осы жылы жеке салушылар арқылы 104 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 16 тұрғын үй жыл қорытындысымен пайдалануға беріліп, барлық пәтерлерді «7-20-25» бағдарламасы арқылы тарату көзделуде»,- дейді обылс әкімі.

    Бүгінде жарияланған бес әлеуметтік бастаманың нәтижесінде жеке инвесторлар облыста тұрғын үй құрылысын салуға қызығушылық танытуда. Ағымдағы жылдың сәуір айында құны 7,9 миллиард теңгені құрайтын 14 көпқабатты тұрғын үй (768 пәтер, 53,2 мың шаршы метр) құрылысына екінші деңгейлі банктен несие алған жеке құрылыс салушыға Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 7 пайыздық субсидия беру қолдау тапты. Аталған тұрғын үй құрылысы биыл пайдалануға беріледі дейді мамандар.

    Тұрғындарға қоныс тойын тойлатқан «Тұлпар» тұрғын үй кешені «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде «Самұрық Қазына АҚ-ы және «Ақмойнақ ЖШС-і қаражаттары есебінен салынған. 

IMG3116

 
Көрілді: 1177
Жаңартылған: 24.04.2018 | 15:03
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар