Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Оқушы мектепте суицид жасады

30.03.2018 | 13:02
Оқушы мектепте суицид жасады

Жалпы Сарыағаш 300 мыңнан астам тұрғыны бар, халқы тығыз қоныстанған аудан. Өңірдегі ахуалдың өзгелермен салыстырғанда күрделірек екендігін осы ерекшелікпен түсіндіруге болатын сияқты.

Аудан әкімінің орынбасары Құдірет Қыстаубаевтың айтуынша, былтыр ауданда мектеп оқушылары арасында 11 суицид оқиғасы тіркелсе, оның 3-еуі өліммен аяқталған.

-Жасөспірімдердің суицидке баруы отбасылық кикілжіңдерден туындап жатады. Ата-анасымен ренжіскен жасөспірімнің дәрі ішіп, өмірімен қош айтысуға бел бууы сияқты жайттар жиі кездеседі,- деді әкімнің  орынбасары. Оның айтуынша, соңғы жылдары қайғылы статистика жақсарып келеді екен.  26 суицид оқиғасы тіркелген жылдар да болыпты. Өз-өзіне қол жұмсау кейбір жылдары көбейіп, кейбір жылдары төмендеп отырады. Көктем айларында көбейетіні байқалыпты. Алайда мұның артында нендей заңдылықтың, қандай тылсымның бар екенін ешкім білмейді.

Биылдың екі айында ауданда мектеп оқушылары арасында екі суицид жағдайы тіркелген.  Оның біріншісі жоғарыда айтқан орамал дауымен байланысты. Қ.Қыстаубаевтың айтуынша, оқиға шекараға жақын ауылдардың бірінде орын алған (біз осы оқиғадағы қыздың аты-жөнін, оқыған мектебін атамауды дұрыс санадық). 8 сыныпта оқитын қыз шариғат жолын қатаң ұстанатын отбасыда тәрбиеленген. Сабаққа үнемі орамал тартып келіп жүрген. Мұғалімдер оқушы қызды мектеп тәртібіне мойынұсындыру үшін ата-анамен жұмыс істеген. Ақыр аяғында ол сабаққа орамал тартып келуді тоқтатқан. Алайда бұл бар-жоғы екі күнге созылады. Үшінші күні ол білім ұясына қайтадан орамалымен келген соң ұстаздары оның ата-анасын шақырып, әңгіме жүргізген. Ата-анасы қыздарына сабаққа орамалсыз келуіне рұқсат еткенін мәлім етіпті. Екіарадағы осындай әңгімелер оқушының психикасына әсер етті ме, әйтеуір осындай абыр-сабыр болып жатқан кезде мектептің спорт залы жағына кеткен оқушы қыз тамырын кесіп, суицид жасаған. Зардап шегуші дереу Сарыағаштағы орталық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген.

Біз осы оқиға жөнінде Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Майриховпен де тілдескен болатынбыз. Оның айтуынша, қазіргі уақытта оқушы қыздың жағдайы жаман емес. Сабағына қатысып жүр. Орамалын шешкен көрінеді.

Екінші жағдай, аталған ауданның Ақтөбе ауылдық округінде орын алған. 9 сыныптың оқушысы өз-өзіне қол салуы мүмкін деген  ешкімнің ойына келмеген. Сол күні ата-анасына жәрдем беріп, малдарын суарып жүрген бала бір пәсте қораға барып асылып қалған. Адамның түсініксіз жағдайда асылып қалуына осы уақытқа дейін ғылым да жауап таппай келеді. Қазақы түсінік бойынша ол «аспа кесел» деген жауаппен жылы жабылып қала береді. Алайда бұл кеселдің түбінде нендей құпия бар? Мүлдем жұмбақ.

 

                                                                                       Жалғасы бар...

                                                                                      "Рейтинг" газеті №11, 29 наурыз

images

2017

 
Көрілді: 678
Жаңартылған: 30.03.2018 | 13:09
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар