Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Алматыда тәрбиешілер мүгедек баланы өлтірді деп күдіктелуде

28.03.2018 | 12:37
Алматыда тәрбиешілер мүгедек баланы өлтірді деп күдіктелуде

Талғарда 8 жасар мүгедек баланың өліміне интернат тәрбиешілерінің қатысы болуы мүмкін. Олар негізгі күдіктілер болып отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Белгілі болғандай, бала аса ауыр церебальды сал ауруына шалдыққан. Сол күні ол ұзақ уақыт бойы ұйықтай алмай, басқа балалардың да мазасын алса керек. Қызметкерлерінің айтуынша, тәрбиешінің көмекшісі тынымсыз балақайды төсекке байлап, мойнына жөргек тартып қойған. Бірнеше сағаттан соң, 8 жасар баланың денесі жансыз күйінде табылды. Медбике бірден жүрек массажын жасағанымен, баланы құтқаруға тым кеш болған.

Қазіргі таңда, бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті саналып отырған тәрбиеші ұсталды.

hhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhh

 
Көрілді: 1111
Жаңартылған: 28.03.2018 | 12:45
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар