Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Оңтүстікте «Түркібасы» деген аудан пайда болады

20.03.2018 | 10:31
Оңтүстікте «Түркібасы» деген аудан пайда болады

 

Жуық арада Оңтүстік Қазақстан облысында «Түркібасы» деген аудан пайда болады. Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар Түлкібас ауданынының атауын «Түркібасы» деп қайта атау туралы мәселені Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы шешім қабылдады.

Зерттеушілердің жазуынша, атақты академик Бартольд «Отчет от коммандировки в Среднюю Азию» деген еңбегінде Түлкібас жеріне іссапармен келіп, қос өркешті төбені аралап көріп: «Түлкібас – мүлде қате атау, дұрысы – Түркібасы. Бұған р-ға тілі келмейтін қытайлар да әсер еткен» деп жазған екен. Тарихи дерек бойынша, 6-7 ғасырда бұл жерде атақты түрікбасы Естемес Дулы Қаған шатырын тігіп, ел басқарған, мемлекеттік саясатты жүргізіп отырған. Соның құрметіне тау Түркібасы деп аталып кеткен.

Ауданның тарихи атауын қалпына келтіру туралы бастама көптен бері көтеріліп келеді.

uko russian

  

 
Көрілді: 1266
Жаңартылған: 20.03.2018 | 10:34
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар