Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

ОҚО-ның бас полицейі «бала зорлау» ісіне қатысты түсініктеме берді (ВИДЕО)

15.03.2018 | 14:19

 

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен жиында ОҚО ішкі істер департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков өзінен бірнеше жас үлкен балалар зорлаған болуы мүмкін деген Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы №73 мектептің 1 сынып оқушысының ісіне қатысты хабарлама жасады.

-Баланың әжесі ішкі істер органдарына былтыр қыркүйекте арызданған. Алайда ол арыз жазбағандықтан іс бойынша материалдар жинақталмаған. Қазір осыған байланысты мектептің инспекторы қызметінен босатылды. Жергілікті полицияның басшысын жұмысынан босату жөнінде ұсыныс берілді,-деді облыстық бас полицейі.

Облыс басшысының айтуынша, өзінен 7-8 жас үлкен балалар зорлаған болуы мүмкін деген баланың жағдайымен бала құқығы жөніндегі уәкіл, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева арнайы келіп танысып, оны Астана қаласындағы  арнайы мамандардың қатысуымен кешенді сот-медициналық сараптамасына өткізу үшін алып кеткен. Ал жергілікті жерде жүргізілген екі сараптама баланың зорланғанын растамаған.

Түймебаевтың айтуцынша, өзінің орынбасары Ұ.Сәдібековке қатаң ескерту, облыстық білім басқармасының басшысы И.Сағындықовқа сөгіс беріліп,  Сарыағаш аудандық жергілікті полиция қызметі басшысы О. Бердалы  мен Сарыағаш ауданы, Абай ауылдық жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы Ә.Ибрагимов,    ювеналды полиция бөлімшесінің №73,№74 жалпы орта мектептеріне жауапты полиция инспекторы Қ.Сәриев қызметтерінен  босатылған.

«Сонымен қатар аудандағы жағдайды дер кезінде назарға алып, тиісті шара қабылдамаған аудан әкімі Қ. Әбдуәлиевке қатаң сөгіс жариялаймын. Бұдан бөлек, сол салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары Қ. Қыстаубаевқа шара көруді және Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Майрихов пен №73, №74 жалпы орта мектеп  директорларына тергеу амалдары аяқталғанша жұмыстан шеттетеуін тапсырамын», — деді Жансейіт Түймебаев.

fb4884d2-4c6d-4b3f-ac3b-cc9be510ab87

 
Көрілді: 1595
Жаңартылған: 15.03.2018 | 15:26
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар