Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Аружан Саин Оңтүстікте оқушының зорлану оқиғасына қатысты істі қайта қарауға кірісті

14.03.2018 | 09:37
Аружан Саин Оңтүстікте оқушының зорлану оқиғасына қатысты істі қайта қарауға кірісті

Белгілі қоғам қайраткері, “ДОМ” қайырымдылық қорының басшысы Аружан Сайын Шымкентте зорланды деген 1-сынып оқушысына қатысты көпшілікке үндеу жолдады.

Бұл туралы қоғам белсендісі желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды stan.kz.

«ОҚО-да Абай ауылында зорланды деген 7 жасар оқушыға қатысты хабарландыру. Бұл істің нәтижесі қарама қарсы көзқарас тудырды. Сондықтан құқық қорғаушылар мен бейжай қалмаған азаматтардың кеңесіне жүгіне отырып, бірқатар қоғам қайраткерлері төмендегідей шешімге келдік:

  1. Жанна Ахметова қайырымды жандардың қолдауымен оқушы мен әжесінің жол-пұлын, жатар орны мен тамағына жауап береді.
  2. Гүлзат Ассанова Қазақстанның психологтар кеңесі ұжымымен бірлесіп баланың жағдайын түбегейлі тексереді.
  3. ДОМ қоғамдық қоры медициналық қызметі мен мемлекеттік органдармен қатынаста болу міндетін алады.

Бұл жайлы ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршыбековке ескертіп, қолдауды сұрадық.

Жергілікті өңірдегі мамандарға сенімсіздік туғандықтан осындай шешім қабылдап, кәсіби мамандардың тексеруін қолға алмақпыз.

Тексеріс нәтижесі жәбірленушінің отабсы мен мемлекеттік органдарға береміз. Тексеріс нәтижесіне қарай алдағы уақытта шешім қабылданатын болады.

Құқыққорғаушылар мен заңгерлерді, қоғам қайраткерлерін, танымал жандарды бізді қолдауға шақырамыз. Кәсіби кеңес бере алатын сарапшылар Татяна Семеновамен +7 701 783 5303 телефон нөмірі арқылы хабарласа алады.

Жәбірленушінің отбасын Алматыға шақырғанда көмектесем дейтін жандар болса, тегін кеңес бере алатын заңгерлер болса, Жанна Ахметовамен хабарласа алады.

Айта кетейік, бұған дейін ОҚО-да мектеп оқушыларына 7 жасар оқушыны зорлады деп айып тағылған болатын. Кейіннен 1-сынып оқушысының зорланбағаны анықталды. Жәбір көрдім деген баланың өзі оқиғаның қалай болғанын айтып берді. 

000369

 
Көрілді: 2377
Жаңартылған: 14.03.2018 | 09:52
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар