Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Ұсталған қырғыз депутатының әкесі Қазақстан билігінің мәліметін жоққа шығарды

27.02.2018 | 09:47
Ұсталған қырғыз депутатының әкесі Қазақстан билігінің мәліметін жоққа шығарды

 

Қазақстанда ұсталған қырғыз депутаты Дамирбек Асылбек уулуныңәкесі Асылбек Супатаев депутаттыңұлтыққазақ деп жариялаған Қазақстан билігінің мәліметін жоққа шығарды. Дамирбек Асылбек уулу Караколде туып-өскен дейді ол.

Супатаевтың сөзіне қарағанда, баласының Қазақстан азаматтығы барын туыстары білмеген. "Біздің бала Караколде туған, сегізінші сыныптан соң Бішкектегі спорт мектебіне ауысқан. "Ол Қазақстанда туған, ұлты - қазақ" деген мәліметтер шындыққа жанаспайды", - деді ол.

Депутаттың әкесі ұлының Динарбек Супатаев болғанын, кейін есімі мен тегін өзгерткенін айтты.

15-16 ақпанда Қазақстанда жүргізілген арнайы операция кезінде 29 адам ұсталды. Оларды арасында Қырғызстанның үш азаматы, солардың ішінде Жогорку Кенеш депутаты Дамирбек Асылбек уулу да болған.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі депутаттың Қазақстан азаматтығы бар деп хабарласа, Қазақстанның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған ақпарат құралдары депутаттың ұлты қазақ деп жазған.

EAC09AD3-91A1-4431-8890-DE538506793F w1023 r1 s

 
Көрілді: 1206
Жаңартылған: 27.02.2018 | 09:49
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар