Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Абақтыдан қашқан Арғымбаев ұсталды

27.02.2018 | 09:18
Абақтыдан қашқан Арғымбаев ұсталды

 

Осыдан екі күн бұрын Астанадағы тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскер қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап.

Еске салайық, 25 ақпан күні сағат 11:00 шамасында ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-тармағы бойынша 5 жылға сотталған Арғымбаев Ерасыл Қайыргелдіұлы (30.12.1982 жылы туған) Астанадағы ЕЦ-166/1 мекемесінен қашып кеткен еді. "Жедел іздестіру шаралары барысында Қарағанды облысы бойынша Ішкі істер департаменті Нұра аудандық бөлімінің қызметкерлері Аxмет аулының маңайында "Жигули" көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көлік салонында қашқын қылмыскер отырды. Ол ұстау барысында қарсылық білдірген жоқ. ҚР Қылмыстық кодекстің 426-бабы бойынша бас бостандығынан айыру мекемелерінен қашқаны үшін үш жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы қарастырылған", - деді ҚАЖК баспасөз xатшысы Ғалымжан Хасенов. Е.Арғымбаев Қарағанды облысы Нұра ауданының Киевка ауылында дүниеге келген. Бұған дейін Қылмыстық кодекстің 251-бабы 1-тармағы (2008 ж.), 120-бабы 1-тармағы (2012 ж.) және 188-бабы 2-тармағы бойынша сотталған.  Ол 25 ақпан күні бір қабатты ғимаратқа жапсарласа салынған серуендеуге арналған алаңда жүріп, шатырға шыққан. Алдымен шағын қоршаудан секіріп өтіп, кейін басты қоршаудан қашып шыққан.

20180225202101

 
Көрілді: 1160
Жаңартылған: 27.02.2018 | 09:19
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар