Oinet.kz — ақпараттық-сараптамалық сайт

Екі прокурор парамен ұсталды

13.02.2018 | 10:16
 Екі прокурор парамен ұсталды

Прокуратура қызметкерлері пара алып жатқанда ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап. «Бүгін Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысы Приозерск қаласының прокуроры Е.Б Тұрысбеков және Приозерск гарнизонының әскери прокуратурасының аға прокуроры А.У. Раджапов 1000 АҚШ доллары мөлшеріндегі қолма-қол ақша түріндегі параны алып жатқанда ұсталды», - делінген хабарламада. Ақша азамат С.-дан қылмыстық істі тоқтату үшін бопсаланған. Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеуге әсер етпеуі үшін басқа ақпарат құпия күйінде қалып отыр.

20180212183035

 

 
Көрілді: 1006
Жаңартылған: 13.02.2018 | 10:18
Категориялар: Басты жаңалықтар, Оқиғалар